Астана әкімі "Қазақстан" спорт кешенін қайта жаңғыртудың себебін түсіндіріп берді
Жарияланған күні:
Елордадағы "Қазақстан" спорт кешені жаңа қажеттіліктер мен талаптарды ескере отырып толығымен қалпына келтіріледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.
"Қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған "Қазақстан" спорт кешенінде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Көпфункционалды кешен 20 жыл бұрын салынды. Қазір апатты деп танылды. Қазіргі уақытта апаттық құрылымдарды бөлшектеу жүргізілуде. Спорт кешенін жаңа қажеттіліктер мен талаптарды ескере отырып толығымен қалпына келтіреміз. Қаланы аралау барысында апатты құрылымдарды бөлшектеу барысын тексердім, бөлшектеу жұмыстарынан соң құрылыс жұмыстарына кірісеміз", – деп жазды қала әкімі.
Көлгіновтің айтуынша, көрермен орындарының санын ұлғайтып, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар тұрғындарды ескере отырып, хоккей алаңын жаңғыртылады. Хоккей алаңынан басқа жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін су добын, сауықтыру жүзуін, балаларды жүзуге үйрету үшін бассейндерді және т.б. жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ жаттығу залдарын, төрешілік және техникалық үй-жайларды жаңартылмақ. Ішкі үй-жайларды жаңартудан басқа, өзгерістер қасбетке де әсер етеді, ол жаңартылады. Осылайша, спорт кешені спортпен айналысу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу үшін неғұрлым қауіпсіз әрі ыңғайлы болады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, федерацияларды дамыту үшін кешенді жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Мысалы, өткен жылы біз "Толқын" спорт кешенінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтадық, 50 жыл бұрын салынған "Жастар" сарайына қайта жаңғырту жүргізудеміз. Сонымен қатар, Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апатты деп танылды, оны сүріп, орнына жаңа жайлы спорт кешенін саламыз", – делінген әкім жазбасында.
Қала басшысының айтуынша, елорданың әр ауданында аула клубтарын ашып, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандыру жүріп жатыр. Мұның бәрі спортпен шұғылдануға және бос уақытты тиімді өткізуге болатын орын санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940965-astana-akimi-qazaqstan-sport-kesenin-qaita-zangyrtudyn-sebebin-tusindirip-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.