RU

Қазақстанда тағы бір өңір коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы "сарыдан" "жасыл" аймаққа өтті.

  • "қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
  • "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды облысы.
  • "жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1031 дерегі тіркелді. Осылайша, ел бойынша ауырғандар саны 949 630-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941001-qazaqstanda-tagy-bir-onir-koronavirus-boiynsa-zasyl-aimaqqa-otti/