Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл балалар колониясы емес": Тұрғымбаев мектептерді полиция күзетпейтінін ашық айтты

Опубликовано:

Министр
Фото: ҚР ІІМ

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздегі мектептерді неліктен полиция күзейтпейтін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутат Ирина Смирнова "мектептерді полициямен күзету үшін мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың күзетін қысқарту жоспарда бар ма?" деген сауал жолдаған болатын.

"Балаларды қорғау, әсіресе мектептердегі балаларды Қазанда болған оқиғадан кейін қорғау - жергілікті атқару органдарының, Білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Бүгінгі таңда Білім министрлігі мен ІІМ-нің бірлесе шығарған бұйрығымен, оқу орнына алып кіруге болатын заттар тізімі шектелді... Екіншіден, мелмекет басшысының тапсырмасы аясында біз облыстық орталықтардағы барлық дерлік мектепті тексеріп, оларды қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету алгоритмін құрдық...

Қазіргі таңда еліміздегі мектептерге 100 пайыз бейнебақылау орнатылды. 30 пайызы дабыл түймесімен қамтамасыз етіліп, арнайы күзет құрылымдарымен күзетілетін мектептер саны отыз пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл жұмыстарды аяқтап, көрсеткіштерді 100 пайызға дейін жеткізуге тырысамыз...

Ал полицияның мектепті күзетуіне келер болсақ, мен полиция мектептегі жеке тұлғаларды күзетуі тиіс деп ойламаймын. Өйткені, бұл балалар колониясы емес, жабық мекеме емес. Бұл - балалар білім алып, тәлім-тәрбие алуы тиіс білім беру мекемесі.

Аудандық бөлімшелер дегеніміз мүлде басқа, онда жүйелік құжаттар, қару-жарақ, құпия мәліметтер сақталғандықтан, полициямен күзетіледі. Сол себепті, күзетті қысқартып, оқу орындарына бөлу реформа аясында қарастырылмаған", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941057-bul-balalar-koloniyasy-emes-turgymbaev-mektepterdi-policiya-kuzetuine-qatysty-oiyn-aitty/

pixel