RU

Әкімшілік полиция ресейлік нөмірлі көліктерді тексеруге қатысты пікір білдірді

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Бір күн бұрын БҚО-да ресейлік тіркеудегі көліктер айып тұрағына қойыла бастады. Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Серік Түсіпов пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түсіповтың айтуынша, тамыз айынан бастап әкімшілік полиция мемлекеттік кірістер комитеті және ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан аумағына көрші мемлекеттерден кіретін барлық көлікті тексере бастады.

"Бізге қылмыстық көліктердің әкелінгені, тіркеуден алынған көліктердің көп фактілері анықталды. Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан келген көліктерді тексердік. ҰҚК-мен бірлесе отырып, Қазақстанға көліктерді әкелу кезінде 10 шақты фактіні анықтадық. Сондай-ақ Ресей Федерациясында тізілімнен шығарылған автокөліктерді әкелудің 150-ге жуық фактісі анықталды", – деді Түсіпов.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі сақтандыру компанияларына Қазақстанда шетелде тіркелген барлық көліктер бойынша сұраныс жолдады. Ведомство алған мәліметтерді тексеру үшін Ресейдің Ішкі істер министрлігіне жіберді.

"Жауап беру нәтижелері бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік тіркеудегі 88 мың автокөлік Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінде тіркелмегені белгілі болды, олардың иелері – Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды. Яғни, олар не белгіленген тәртіпте тіркелмеген, не Қазақстан азаматтарына сатылған, содан кейін олардың иелері – Ресей азаматтары тіркелген жері бойынша есептен шығарылған", – деді ӘПК басшысының орынбасары.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі осы санаттағы көлік жүргізушілерімен жұмысты бастады.

"Шетелдік тіркеуі бар басқа көліктерге келетін болсақ, құқық белгілейтін құжаттары бар болса, тіркеу расталған болса, оларды жол қозғалысы ережелерін бұзбай және Қазақстан аумағында болу шарттарын сақтай отырып басқаруға болады", – деп түсіндірді Түсіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941074-akimsilik-policiya-reseilik-nomirli-kolikterdi-tekseruge-qatysty-pikir-bildirdi/