Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе әкімдігі Маминді күтіп алуға қолданылған қолшатырларды көрсетті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Әкімдік
Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысының әкімдігі бюджет қаржысына алынған 50 қолшатырды көрсетті. Шенділер қара түсті, ұстайтын жері ағаштан, сыйымдылығы екі адамға арналған кең қолшатырларды жеңілдікпен алғандарын айтады. Әкімдік жаңа қолшатырларды үкімет басшысы келгенде пайдаланып та үлгерген деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімдігінің іс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбековтің сөзінше, әкімдік әр үш жыл сайын қолшатыр сатып алады.

"Келетін қонақтар бар. Халықаралық және ішкі делегацияларды күтіп алу үшін алынған. Сол кісілердің өзі, көмекшілері жаңбырлы-қарлы күндері қолданады. 428 571 теңгеге 50 қолшатыр бойынша тапсырыс берілді. Қолшатырдың екі түрі болды: біріншісі кең, екі адамдық, ұстайтын жері ағаш, екіншісі кішкентай түрі. Бұл қолшатырлар кеше үкімет басшысы келгенде пайдаланылды", - дейді Мейрам Әуелбеков.

Шенеунік тілшілерді әкімдіктің шаруашылық бөліміне ертіп апарып, 50 қолшатырды ашып көрсетті. Бірақ тауардың қайда шығарылғанын нақтылай алған жоқ. Жеңілдікпен есептегенде 50 дана қолшатыр 195 570 теңгеге шыққан.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қолшатырға қатысты тілшілер қойған сұраққа жауап бере алмаған болатын. 

Әкім мемлекеттік тапсырыспен алынған қолшатырға қатысты сұрақты анықтауға уәде берген еді.

Жаңалық
Фото: KAZ.NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941100-aqtobe-akimdigi-mamindi-kutip-aluga-qoldanylgan-qolsatyrlardy-korsetti-foto-video/