Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы жойқын жарылыс: Төтенше жағдайдың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр

Опубликовано:

Жарылыс орны
Оқиға орны. Фото: Азамат Сәрсенбаев / Facebook

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәжілістегі үкімет сағатында Ақтаудағы жойқын жарылысты тергеу барысын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Санжар Әділовтың хабарлауынша, Ақтаудағы жарылысқа байланысты Маңғыстау облысы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша (Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Тергеушілер оқиға орнын тексеруді жалғастыруда. Маңғыстау облысы сот сараптамасы орталығының мамандарымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Өрттің себебін анықтау үшін өрт сараптамасы тағайындалды.

Сонымен қатар, құрылыстық кешенді сот сараптамасы жүргізіледі, оның барысында сарапшылар зақымдану аймағын, жарылыс себебін анықтайды. Үш газ баллоны алынды, бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр.

Біріншісі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екіншісі - газ баллонының жарылуы. Бұл біз қарастырып отырған негізгі екі нұсқа. Бұл жағдайда қандай да бір қылмыстық сипат жоқ", - деді спикер.

Сондай-ақ, оның сөзінше, сот сараптама орталығының сарапшылары, ТЖД қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жүргізген жұмыс нәтижесінде бұл жайттан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені анықталған.

"Жарылыс кезінде кафе жұмыс істемеген, ішінде адамдар болмаған. Кешен күндіз жұмыс істейді. Онда асхана мен шағын кәсіпкерлік субъектілер орналасқан. Сауда үйінің ғимараты зақым келген, өйткені асхана кешеннің бүйір жағында орналасқан. Сондай-ақ ғимарат маңына тұраққа қойылған бірнеше көлікке зақым келген. Шығын көлемін есептеп жатырмыз. Бейнежазбалардың бәрі тексерілетін болады.

Қазір біз нақты кімге мүліктік шығын келгенін анықтау үшін шара қабылдап жатырмыз. Бұл сауда үйінде бутиктер де болған... Осыған байланысты жарылыстан зардап шеккендерді Маңғыстау облысының полиция департаментіне немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймын. Жедел-тергеу тобыс жұмыс істеп жатыр, біз бәрінен жауап алып, шығын сомасы есептеп, зардап шеккендерді анықтаймыз", - дейді Санжар Әділов.

Айта кетейік, кеше, 7 қараша күні Ақтауда жойқын жарылыс болып, екі қабатты ғимараттың тас-талқаны шықты. Абырой болғанда, жарылыс кезінде ғимаратта ешкім болмаған.

Сондай-ақ, жарылыс салдарынан 10 көлікке зақым келгені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941115-aqtaudagy-zoiqyn-zarylys-totense-zagdaidyn-birnese-nusqasy-qarastyrylyp-zatyr/

pixel