Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада времянкада тұратын алты бала улы газдан уланып қалды

Опубликовано:

Пеш
Көрнекі фото: pixabay.com

ОКҚ өткен онлайн-брифингте мемлекеттік бақылау өрт сөндіру бөлімінің бас маманы Айгерім Райымқұлова Нұр-Сұлтандағы саяжайда алты баланың улы газдан уланып қалғанын хабарлады. Отбасы Қызылорда облысынан көшіп келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін таңғы сағат 7:40-та саяжай қоғамдастығында улы газдан уланып қалған алты бала ауруханаға түсті. Таңертең тексеру жұмыстарын жүргіздік. Бұл отбасы бізде тізімде бар-жоғын анықтадық. Жанұяда 2009, 2011, 2013, 2017, 2020, 2021 жылы туған балалар бар. Отбасы қыркүйек айында Нұр-Сұлтанға Қызылорда облысынан көшіп келген.

Бұрын бұл уақытша ғимаратта басқа бір отбасы тұрған, үй аумағында профилактикалық тексеру жүргізілген. Мұндай фактілер бізде тіркеліп тұрады", - дейді басқарма маманы Айгерім Райымқұлова.

Оның сөзінше, балалар орташа дәрежеде уланған. Қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр.

"Біз халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты барынша назар аудартып, көмек көрсету үшін демеушілер тартуға және пештегі ақаулар мен жарықтарды жөндеуге тырысамыз. Мұның бәрі күн жылыда жасалады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941130-elordada-vremyankada-turatyn-alty-bala-uly-gazdan-ulanyp-qaldy/

pixel