jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Джесси-Жексен, Фиби-Бибі": Атыраулық қыз нигериялық жанұясын қалай қазақша атайтынын түсіндірді

Жас жұбайлар
Фото: Facebook/Айнур Кемалова

Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Зайда Жаңабаева өзінің отбасылық өмірі туралы ақпараттарды оқырмандарымен бөлісіп отырады. Жақында ол нигериялық туысқандарын ата-анасы қалай атайтыны жөнінде жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің нигериялық отбасымның қазақша аттары бар. Әкем алғаш көргеннен бастап Джессиді (Зайданың күйеуі – ред.) Жексен деп атап кеткен. Сол Жексен күйінде қалды. Ал сіңлілерім үшін ол - Жасик. Танысу кешінде оның ата-анасының (құда-құдағи – ред.) атын сұрастырып, сол бойда оны да қазақыландырып жіберді.

Мәселен, оның әкесінің Уильям деген аты қазақша Уәли болды. Ал анасының аты Фиби, қазақшА – Бибі. Ал олардың жанұясы менің атымды әдемі атайды. Алайда, күйеуімнің анасы мені өз тілінде "әппақ қыз" деп атайды. Ал менің анам Джессиді "қара күйеу" деп кеткен", - деп жазды Зайда.

Айта кетелік, Зайда мен Джессидің тойы қазнетте қызу талқыланып, олар отандық телеарналарда қонақ болып үлгерді.

"Джесси-Жексен, Фиби-Бибі": Атыраулық қыз нигериялық жанұясын қалай қазақша атайтынын түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram