Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясы тек 2025 жылы аяқталатыны рас па

Опубликовано:

Бетперде32
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде пандемия тек 2025 жылы аяқталады деп жазылған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық даму қауымдастығы құжатының скриншотын тарап жатыр. Алайда StopFake.kz порталы бұл мәліметті теріске шығарды.

Желі қолданушылары таратып жатқан құжат баршаға қолжетімді. Онда COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатыны туралы болжам жасалмаған.

Шын мәнісінде, құжатта "осы жаһандық пандемиямен және оның салдарымен күресте ХДҚ және ХҚДБ бағдарламасына қатысуға құқығы бар елдерге" көмек пен қолдау көрсету тетіктері сипатталған.

Бұл тізімге Ауғанстан, Аргентина, Кабо-Верде, Камбоджа, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эквадор, Эфиопия, Гамбия, Гана, Гаити, Үндістан, Кения, Қырғыз Республикасы, Мальдив, Мавритания, Моңғолия, Пәкістан, Парагвай, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Сьерра-Леоне, Шри-Ланка, Тәжікстан және Йемен кірген.

Яғни, құжат пандемияны жоспарлауға емес, мұқтаж елдерге көмек таратуға арналған. Бұл бағдарлама 2020 жылдың 2 сәуірінен 2025 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңге арналған. Осы кезеңде банк COVID-19 пандемиясы кезінде қолдауды қажет ететін елдерге барынша көмек көрсетеді.

Халықаралық қайта құру және даму банкінің пандемия жариялауға немесе оны ұзартуға құқығы жоқ. Сонымен қатар, пандемияның белгілі бір органдардың мәлімдемесіне емес, бүкіл әлемдегі COVID-19 аурушаңдық деңгейіне байланысты.

Демек, желіде тараған құжат Халықаралық қайта құру және даму банкінің қызметкерлері қандай да бір құпия ақпаратты білетінін емес, банктің мұқтаж елдерге көмек көрсететінін ғана дәлелдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941342-koronavirus-pandemiyasy-tek-2025-zyly-ayaqtalatyny-ras-pa/

pixel