RU

Елімізде қашықтан білім беру ережесіне өзгерістер енгізілді

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Білім және ғылым министрі қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру қағидаларына түзетулерді бекітті. Құжат Zan.gov.kz ақпараттық-құқықтық жүйесінде пайда болды.

Өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа сәйкес, білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар талап бекітілген.

Оның қатарында интернет желісіне үздіксіз қосылу, ақпараттық ресурстарға, цифрлық ресурстарға жедел қол жеткізу құралдарының болуы, оқу үдерісін цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.

Құжатта терминология нақтыланған. Мысалы, қашықтан оқыту, синхронды және асинхронды оқыту форматтары, білім алушының цифрлық ізі, онлайн курс және т.б. дегеніміз не екені түсіндірілген.

Құжатқа сәйкес қашықтан оқыту форматы төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жағдайында, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты енгізіледі. Сондай-ақ, мұндай оқыту форматымен нақты кімдер білім алатыны көрсетілген.

Ережелерде қашықтан оқыту кезінде оқу пәндері мен оқу жұмысы түрлерінің еңбек сыйымдылығы қолданыстағы бағдарламаға сәйкес сақталатыны атап өтілген.

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Министрдің 2021 жылдың 19 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941358-elimizde-qasyqtan-bilim-beru-erezesine-ozgerister-engizildi/