jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Сәкен Бибосынов Түркістандағы жаңа спорт кешенінің лентасын қиды

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: Facebook/ Мира Муслим

Түркістанда жаңа спорт кешені ашылды. Нысанның лентасын Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Сәкен Бибосынов қиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Салтанатты шара туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Муслим өз Facebook парақшасында жазды.

Жиынға Сәкен Бибосыновтан бөлек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, меценат Данияр Абулғазин қатысты.

Нысанның жалпы аумағы – 13 246 шаршы метр. Мұнда спорттың бірнеше түрінен халықаралық додаларды өткізуге мүмкіндік бар. 1000 адам сыятын әмбебап спорт залында шағын футбол, баскетбол, гандбол, волейбол, үстел теннисі және өзге де спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік жасалған. 9 жүзу жолағы бар, ұзындығы 50 метрлік бассейн де халық игілігіне берілді.

Лента қию рәсімі
Фото: Facebook/ Мира Муслим

Ашық аспан астындағы бассейннің қасында бір уақытта 200 адам күнге қыздырынып, жарысты тамашалай алады.

Сонымен бірге, ерлерге және әйелдерге арналған жалпы 170 орындық киім ауыстыру бөлмесі, мәжіліс залы және сапалы әрі кәсіби құрал-жабдықтармен жабдықталған жаттығу залы жұмыс істейді. Кешенде жүгіру жолақтары мен веложол, массаж бөлмесі, хамам, сауна да бар.

Сәкен Бибосынов Түркістандағы жаңа спорт кешенінің лентасын қиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.