Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Газ бен тежегішті шатастырып алған: Оралда сынақ тапсырған курсант қыз жол апатына түсті

Жарияланған күні:

жол апаты
Фото: Куәгерлер

Оралда курсант үшін көлік жүргізу сынағы жол апатымен аяқталды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол апаты видеоға түсіп қалған. Оны сынақ тапсыру үшін өз кезегін күтіп тұрған курсанттар түсірген.

Автомат қорабы бар кроссовер автодромда орнатылған жол белгілеріне соқтығысқан. Тәжірибелі жүргізушілер оқиғаға бірден өз бағасын беріп жатыр.

"Сынақ тапсырып жатқан адамды рөлге жалғыз отырғызуға болмайды. Адамдар қобалжығаннан басқышты шатастырып алады. Міндетті түрде қиын жағдайда көмектесетін адам отыруы керек. Осылай аяқталғаны жақсы, әйтпесе соңы бұдан да ауыр болуы мүмкін еді", - дейді желі қолданушыларының бірі.

Ал "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесінің баспасөз қызмметі курсант автомектепті тәмамдап, алғаш рет сынақ тапсырғанын хабарлады.

"Көлік рөлінде қыз отырды. Ол рөлге ие бола алмай, басқыштың газ бен тежегішін шатастырып алған. Салдарынан жағымсыз жайт орын алды. Kia Sportage автокөлігін жол апатын жасаушы қалпына келтіреді. Айта кетсек, жыл басынан бері автодромда 20-ға жуық жол апаты болды", - деді Орал мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Айерке Бекмурзина.

Қазір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүріп тұрған көлік қалмаған. Екіншісі де жөндеуде жатыр.

Жүргізуші куәлігін алғаш рет алғалы отырған адамға сынақты сәтті тапсыру үшін үш мүмкіндік беріледі. Оған 20 минут уақыт бөлінеді. Осы ретте курсант көлікте нұсқаушысыз жалғыз болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941409-gaz-ben-tezegisti-satastyryp-algan-oralda-synaq-tapsyrgan-kursant-qyz-zol-apatyna-tusti/