Елімізде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны тағы да өсті
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандарға қатысты мәліметті жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1128 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 125
- Алматы қаласы - 134
- Шымкент қаласы - 24
- Ақмола облысы - 70
- Ақтөбе облысы - 22
- Алматы облысы - 55
- Атырау облысы - 20
- Шығыс Қазақстан облысы - 77
- Жамбыл облысы - 12
- Батыс Қазақстан облысы - 27
- Қарағанды облысы - 140
- Қостанай облысы - 102
- Қызылорда облысы - 19
- Маңғыстау облысы - 12
- Павлодар облысы - 127
- Солтүстік Қазақстан облысы - 143
- Түркістан облысы - 19.
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 951 667-ге жетіп отыр.
Сонымен бірге, өткен тәулікте 2356 адам дертінен айығып шыққан.
10 қарашадағы мәлімет бойынша 38 380 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 7 055 пациент стационарда, 31 325 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы, 505 адамның жағдайы ауыр, 147 пациенттің жағдайы өте ауыр, 109 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Айта кетсек, 8 қарашада 909 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941411-elimizde-taulik-isinde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-tagy-da-osti/