Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны тағы да өсті

Опубликовано:

Бетперде13
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандарға қатысты мәліметті жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1128 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 125
  • Алматы қаласы - 134
  • Шымкент қаласы - 24
  • Ақмола облысы - 70
  • Ақтөбе облысы - 22
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 20
  • Шығыс Қазақстан облысы - 77
  • Жамбыл облысы - 12
  • Батыс Қазақстан облысы - 27
  • Қарағанды облысы - 140
  • Қостанай облысы - 102
  • Қызылорда облысы - 19
  • Маңғыстау облысы - 12
  • Павлодар облысы - 127
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 143
  • Түркістан облысы - 19.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 951 667-ге жетіп отыр.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 2356 адам дертінен айығып шыққан.

10 қарашадағы мәлімет бойынша 38 380 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 7 055 пациент стационарда, 31 325 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 505 адамның жағдайы ауыр, 147 пациенттің жағдайы өте ауыр, 109 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетсек, 8 қарашада 909 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941411-elimizde-taulik-isinde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-tagy-da-osti/

pixel