Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда оқушыларға бәзбіреулер "Кальмар ойынын" ойнауды ұсынған

Опубликовано:

кальмарлар11
Фото: Хабар24

Қазнетте танымал Оңтүстік кореялық "Кальмар ойыны" телехикаясына негізделген ойын пайда болды. Көкшетаулық мектеп оқушыларына қатігез ойынды ойнау туралы ұсыныс түскен. Бұл туралы қаланың білім бөлімі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кальмар ойыны" сериалы Netflix стримингтік жүйесінің тарихында ең көп қаралым жинаған туынды болып отыр. Оны жарияланған күннен бастап 111 млн аккаунт көрген.

Туындыда қаржылық қиындықтарға тап болып, жантүршігерлік ойындарға қатысу үшін аралға аттанған адамдар хикаясы көрсетілген.

Көкшетау қаласы білім бөлімінің хабарлауынша, ересектер ақша үшін балалар ойынын ойнайтын "Кальмар ойыны" фильмінің асқан танымал болуы көпшіліктің еліктеуіне әкеп соқтырған.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желіде осыған ұқсас ойын пайда болған, алайда оны ойнауды ересектерге емес, мектеп оқушыларына ұсынып жатыр.

"WhatsApp қосымшасында ойын ойнау туралы ұсыныс немесе белгісіз адамдар әртүрлі телефон нөмірлерінен қоңырау шалып, "Кальмар ойынын" ойнауды ұсынатын хабарлама келеді. Мұндай фактілер Көкшетауда тіркелді", - деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты білім бөлімі оқушылардың ата-аналарына үндеу жасады.

"Балалардың осы сериалды көруіне шектеу қойып, оларға ойын мен манипуляцияның айырмашылығын түсіндіруіңізді сұраймыз. Оларға қолдануы мүмкін сөздерді үйретіңіздер. Мәселен, "Жоқ, мен мұндай ойындарға қатыспаймын", "Бұл қатігез ойын, ол маған ұнамайды". Осындай фактілер анықталған жағдайда 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Аталған мәселе Көкшетау қаласы полиция басқармасының бақылауында", - деді білім бөлімі басшысының орынбасары Айнұр Мусина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941421-koksetauda-oqusylarga-bazbireuler-kalmar-oiynyn-oinaudy-usyngan/

pixel