Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны аю аулап, етін жеп қойған (видео)
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары 3 қараша күні аюды заңсыз аулады деген күдікпен Алтай ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының анықтауынша, Алтай ауданының 45 жастағы тұрғыны Тұрғұсұн ауылы маңында аю аулап алған. Оның етін тұтыну үшін өзінде қалдырып, терісін сатылымға дайындамақ болыпты.
Алайда ер адамды полицейлер қолға түсірген.
"Аталған фактімен Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр. Аталған бап санкциясында бас бостандығынан 3 жылға дейін айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облсы ПД басшысы Сағат Мәдиев.
Полицияның мәліметінше, өңірде 20 қазан мен 19 қараша аралығында "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары 300-ден астам рейд жасап, 530 табиғатты қорғау заңнамасын, оның ішінде 356 аңшылық ережелерін бұзу фактілерін анықтады.
Сонымен қатар, 8 браконьерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941466-sygys-qazaqstan-oblysynyn-turgyny-ayu-aulap-etin-zep-qoigan-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.