Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Қостанай облысы ПД

9 қарашада Қостанай облысында тас жолда екі бірдей жол апаты болып, төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қарашада Жангелді ауданында жол апаты болып, Торғай ауылының үш тұрғыны көз жұмған. Дәл сол күні Бейімбет Майлин ауданында ресейлік тіркеуі бар көлікті басқарған 23 жастағы жүргізуші қайтыс болды.

Сағат 15.00 шамасында Арқалық-Торғай тас жолының 59-шақырымында Тауыш ауылының маңында 52 жастағы Audi 80 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен.

Оқиға орнында жүргізуші, 50 және 56 жастағы екі жолаушы алған жарақатынан қайтыс болған. 7 жасар қыз ауруханаға жеткізілді.

Екінші жол апаты сағат 17.00 шамасында Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 102-шақырымында болған. "ВАЗ-2112" басқарған 23 жастағы жүргізуші жол жиегіне аударылуға жол берген.

Салдарынан жүргізуші жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Сондай-ақ, 17 және 28 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізілген.

Екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941498-qostanai-oblysynda-zol-apatynan-tort-adam-qaitys-boldy/

pixel