Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кім жыл соңына дейін зейнетақы рәсімдеуге өтініш беруі керек

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайту жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты зейнетке шығатын қазақстандықтар осы жылдың соңына дейін халыққа қызмет көрсету орталығына дер кезінде хабарласуы қажет.

Зейнетке шығу үшін неліктен құжаттарды уақытында рәсімдеу керек

Бүгінде елімізде зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Соның бірі – әйелдердің зейнет жасын ұлғайту.

Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығында 10 жыл ішінде әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 63 жасқа дейін жеткізу жоспарлануда. Яғни, биыл қазақстандық әйелдер 60 жаста зейнетке шығатын болса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 60 жас 6 айға тең болады.

Осыған орай, Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті 1961 жылдың екінші жартыжылдығында дүниеге келген әйелдерге ағымдағы жылдың соңына дейін зейнеткерлік жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беріп үлгеру керектігін еске салады.

Әйтпесе, зейнетке шығу құқығы тағы алты айға кейінге шегеріліп, 60 жастан асқанда ғана мүмкіндік туады.

Ал ер адамдар 63 жастан кейін кез келген уақытта зейнетақы тағайындай алады.

Зейнетақы тағайындау үшін қайда және қашан өтініш беру керек

Зейнетақы, оның ішінде базалық, ынтымақты және БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер өтініш және барлық қажетті құжаттар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында, яғни жергілікті ХҚО-да тіркелген күннен бастап тағайындалады.

ХҚО-ға алдын ала, зейнеткерлік жастың басталуына 10 күн қалғанда хабарласуға болады. Бұл ретте зейнетақы алатын күн туған күніңіз болып есептеледі. Сонымен қатар, зейнеткер өзінің алғашқы зейнетақысын зейнеткерлік демалысының алғашқы айында алуы керек.

Ал зейнетақы тағайындау үшін құжаттар топтамасы өтінішті, жеке куәлікті, табысы туралы анықтаманы және жұмыс өтілін растайтын құжаттарды қамтуы керек. Сондай-ақ, соманы дәл есептеу үшін басқа да бірқатар құжаттарды ұсынуға болады.

Зейнетақы мөлшері қанша болады

Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты ай сайынғы зейнетақы бірнеше бөліктен тұрады.

Базалық зейнетақы барлық қазақстандықтарға төленетініне кепілдік берілген. Оның ең төменгі мөлшері 10 жыл және одан аз жұмыс өтілі бар зейнеткерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды. Биыл 18 524 теңге болса, келесі жылы 5 пайызға артады – 19 450 теңге.

Ал ең жоғарғы сома 33 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар зейнеткерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең. Ағымдағы жылы 34 302 теңге болса, келесі жылы 36 018 теңгеге тең болады.

Одан әрі 1998 жылға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген зейнеткерлер үшін базаға зейнетақының ынтымақты бөлігі қосылады. Оның мөлшері еңбек өтіліне және орташа айлық табысына байланысты.

1998 жылға дейін 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдер үшін жасы бойынша ең төменгі зейнетақы биыл 43 272 теңге болса, келесі жылы ол 7 пайызға өсіп, 46 302 теңгені құрауы тиіс.

Ал ынтымақты зейнетақының ең жоғары мөлшері ағымдағы жылы 46 АЕК-тің 75 пайызына дейін немесе 100 637 теңгеге тең, келесі жылы 105 674 теңге болады.

Егер еңбек өтілі аз болса, онда тағайындалған ынтымақты зейнетақы соған сәйкес азаяды.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары есебінен қамтамасыз етілетін зейнетақының үшінші құрамдас бөлігінің айлық мөлшері зейнетақы жинақтары сомасының шамамен 0,54%-ын құрайды.

БЖЗҚ-дан ең төменгі зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын немесе ағымдағы жылы 24 012 теңгені, келесі жылы 25 213 теңгені құрайды.

Егер өтініш берушінің зейнетақы шотында ағымдағы жылға жарамды сомасы 12 ең төмен зейнетақы болса, немесе 519 264 теңге болса, онда бұл ақшаның барлығы бір уақытта төленеді.

Келесі жылы зейнетақы төлемдеріне жүгінетін зейнеткерлер үшін бұл сома 555 624 теңгеге дейін өседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941504-kim-zyl-sonyna-deiin-zeinetaqy-rasimdeuge-otinis-berui-kerek/

pixel