Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеке бизнес жүргізуді оқуға тілек білдірушілер саны жоспарлы көрсеткіштен асып кетті

Опубликовано:

"Еңбек"
Фото: NUR.KZ

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы аясында 2021 жылы Қазақстанда 33 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды, биылдың жаңалығы аграрлық бизнес пен электрондық сауда алаңдары туралы оқу материалдарының енгізілуі болды.

Қалай үйренуге болады

«Бастау бизнес» жобасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіреді. Жобаға кіретін кәсіпкерлікке көмектесу шараларына: оқу курсы, гранттар мен жеңілдігі бар несилерге жұмыспен қамту орталығына тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, жұмыссыз тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған жұмыспен қамтылған тұлғалардың жекелеген санаттары үміткер бола алады.

Жобаны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып іске асырып отыр. Биыл жобаға республикалық маңызы бар қалалар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалаларының, шағын қалалар мен облыс орталықтарын қосқанда, 14 облыстың, 160 ауданның тұрғындары қатыса алады. 2020 жылдан бастап жоба бойынша оқыту «Atameken Academy» платформасында онлайн өткізіліп жатыр.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі дәйектегендей, оқу курсы видео сабақтардан, электрондық модульдерден, конспектілерден және әзірленген оқу жоспарына сәйкес жеке кеңес беруден тұрады. Оқу материалдарынан бөлек, курс тыңдаушыларына оқу бағытын ескере отырып, «зәкірлік» кәсіпорындар – келешегі бар ірі тауар өндірушілер, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеушілер, сондай-ақ таңдалған өңірдегі «бизнес-ниша» деп аталатын сұранысқа ие жобалар туралы қосымша мәліметтер беріледі.

Осылайша оқу үрдісінде тыңдаушылар бизнес-жобалар құру және оны дамыту жөніндегі практикалық дағдыларды жаттықтырып қана қоймай, сонымен бірге маркетингтік талдау негіздерін үйреніп, экономикалық негіздемелерді тұжырымдауды және белгілі бір технологиялық үрдістерді сақтауды ескере отырып, жобаның пайдалылығын анықтауды үйренеді.

Оқуды бітірген соң қатысушылар шағын несиелендіруге немесе гаранттық қаражат алуға құқық беретін сертификаттарға ие болады. Қаражат оқу үрдісі кезінде бизнес-жаттықтырушымен бірлесе отырып әзірлеген бизнес-жобаны іске асыруға бағытталуы тиіс.

Жаңа басымдықтар

«Бастау бизнес» жобасы бойынша оқу бағдарламасы біржолата бекітілген тұрақты материал емес. Керісінше, оқу материалдары үнемі жаңартылып, бағдарлама соңғы әлемдік және ұлттық трендтерге сәйкес жетілдіріліп тұрады. Мәселен 2021 жылы оқу бағдарламасына ауылда бизнес ашушы кәсіпкерлер үшін агроқұзыреттілік бойынша қосымша материалдар енгізілді, электрондық маркетплейстер – Интернеттегі сауда алаңдары, сондай-ақ бизнеске арналған электрондық қызмет түрлері бойынша мәліметтер қосылды.

Бұдан бөлек, 2021 жылы биылғы және өткен жылғы қатысушыларды сүйемелдеу үрдісіне ерекше назар аударылады. Енді курсқа қатысушыны кәсіпкерлік дағдыларын оқытудан бастап, қаржыландыруға дейін, одан кейін жеке ісін ашу кезінде және 12 ай бойы (көп балалы отбасыларға 18 ай) бизнесін іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдейтін болады.

Биылдан бастап «Atameken Academy» платформасын жетілдіру аясында үйренушілерді ЭЦҚ арқылы тіркеудің жаңа механизмі енгізілді, жеке консультациялар жазбасы мен оған пікір білдіру сервистері жетілдірілді. Жобалау тобы әзірлеген, тыңдаушыларға арналған оқыту контенті 12 модуль бойынша таныстырылым материалынан, 75 видео сабақтан, дәрістердің конспектілерінен, кіріс және аралық тесттердін тұратын тестілік базадан, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар мен бизнес-жоспарлар үлгісінен және практикалық кейстерден тұрады.

Табысты жоба

«Бастау бизнес» жобасының тиімділігін статистикалық деректерден көруге болады. 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша кәсіпкерлік негіздері 6 лекке онлайн оқытылды. 33 374 адам оқыды, бұл – бастапқыда жоспарланған жоба түлектері санынан 111%.

Ең белсенді өңір Қарағанды облысы болды, ол жақтан 1250 адамды оқыту жоспарланған болса, «Бастау бизнес» курсын 1645 адам немесе жоспарланғаннан 132% оқыды. Ақмола және Ақтөбе облыстарының жаңа бастаушы кәсіпкерлері ерекше белсенділік танытты, бұл өңірлерде «Бастау бизнес» жобасы аясында курс оқығандар жоспардан 115% болды. Өзге өңірлермен салыстырғанда, аз белсенділік танытқан өңірлердің өзіндегі оқушылар саны жоспарланған 100%-дан асты.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 6 лектің қорытындысы бойынша оқыған 33 374 адамның 31 925-і бизнес-жоба әзірлеп, курсты бітіргендігі туралы сертификат алған. 15 қазандағы жағдайға сәйкес, бизнесті ашу/кеңейту бойынша мақсатты көрсеткіштер оқыту бойынша жоспардан 103%-ға орындалған. Барлығы 10 322 жоба қаржыландырылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 10%-ға артық.

8 666 адам (84%) «Еңбек» бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде бөлінген грант есебінен бизнесін іске қосты, 1 599 адам (17%) жобаларын «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ шағын несиелендіру қаражаты, соның ішінде несиелік серіктестіктер және шағын несиелік ұйымдар арқылы іске асырды.

Бұдан бөлек, 53 адам «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға ие болды, тағы төртеуі екінші деңгейлі банктерден несие алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941539-qazaqstanda-zeke-biznes-zurgizudi-oquga-tilek-bildirusiler-sany-zosparly-korsetkisten-asyp-ketti/

pixel