Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жер үйдегі қазандық жарылып, үш студент өлім аузынан қалды

Опубликовано:

Шатыр
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Атырауда жер үйлердің бірінде жылыту қазандығы жарылып, үш студент өлім аузынан қалды. 19 жастаға екі жігіт ауыр хәлде жатыр. Олардың денесінің 95 пайызын күйік шалған. 22 жастағы бойжеткеннің де жағдайы нашар деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Атыраудағы Балауса ықшамауданы жер үйлердің бірінде жылыту қазандығы жарылып баспана өртке оранған. Оқиға орнына жиналған жұртшылық өртеніп жатқан үйдің ішінде жанұшыра айқайлағандардың дауысын естіп бірден көмекке ұмтылған.       

Зәре-құты қалмаған көрші жігіттер қаумалап жүріп жалын құшағында қалған үш студентті сыртқа шығарып алған. Кейін тағы да кішігірім жарылыс болған. Жарты сағат өтіп өрт күшейген кезде төтеншеліктер келіп, қызыл жалынды зорға дегенде ауыздықтаған.

Үйдің 120 шаршы метрі түгі қалмай жанып кеткен. Түн ортасында өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылыпты. Алайда үш жасөспірім көрші-қолаңның арқасында тірі қалған.

"Төсенішті көршілер бердік. Көрпелерді сулап әкелдік. Соған салып жатқыздық. Жарты сағат 45 минут дегенде бірінші жедел жәрдем келді. Содан кейін екіншісі келді. Үшінші тағы келді. Олар да күйген адамдарды бір-бірлеп алып кетті. Жарты сағаттан кейін өрт сөндіру қызметі келе бастады", - деді Атырау қаласының тұрғыны Есенқос Қойшыбаев.

Күлге айналған шаңырақтың иесі Алматыда тұратын болып шықты. Бұл үйді уақытша туыстарына табыстап кеткен. Сондықтан үй қожайыны жайсыз хабарды әлі естімепті.

"Осы отбасының балдызы болам. Жездемнің үйі. Бұл жағдайды таңертең естідік. Олар  Алматыға көшіп кеткен. Бұл үй иесіз қалмасын деп жатқызып тұр ғой", - деді атыраулық Өмірлан Тастанов.

Жылу қазандығы жарылған кезде пәтерде болған 2002 жылғы екі бозбаланың жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Екеуінің де денесінің 95 пайызын күйік шалған. Ал 22 жастағы қыз баланың денсаулығы әзірге жаман емес.

"1999 жылғы қыз бала жарақат бөлімінде жатыр. Оның күйік шалған көлемі 35 пайыз. Бірінші, екінші дәрежеде. Ол кісінің жағдайы қалыпты ауыр жағдайда", - деді Атырау облыы ауруханасының бөлім меңгерушісі Бекен Құлниязов.

Қазір төтеншеліктер жарылыстың нақты неден шыққанын айта алмай отыр. Зерттеуден соң шығын көлемі есептеліп, себеп-салдары белгілі болады. Ал зардап шеккен жастар дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941591-atyrauda-zer-uidegi-qazandyq-zarylyp-us-student-olim-auzynan-qaldy/

pixel