Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Түнде 11 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
11 қарашада Атырау облысының шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді.
11 қарашада түнде Түркістан облысының оңтүстік және таулы аудандарында тұман күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында 11 қарашада көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.
11 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941592-tuman-koktaigaq-zel-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/