Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында әкімдіктің екі қызметкерінің үстінен іс қозғалды

Опубликовано:

Паспорт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Атырау облысы Құрманғазы ауданында коронавирусқа қарсы вакцинация туралы жалған құжат жасатқан әкімдіктің екі қызметкерінің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Ақ Жайық.

Ауданда мекемлеттік қызметкерлерге коронавирус вакцинасын алу жөнінде нұсқама берілген. Онсыз қызметтен шеттетіледі.

Екпені алғысы келмеген екі мемлекеттік қызметкер, бірі аудан әкімі аппаратының 30 жастағы бас маманы, екіншісі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 36 жастағы бас маманы Ақтөбе және Түркістан облысынан вакцинацияның жалған паспортын алған.

Бірақ көп кешікпей бұл қадамдары әшкере болып, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 385 бабы 3-ші бөлігі бойынша (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.

Құрманғазы ауданының соты олардың бұрын сотталмағанын, өз істеріне шын өкінетінін ескеріп, әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 43 755 теңге айыппұл салуға үкім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941594-atyrau-oblysynda-akimdiktin-eki-qyzmetkerinin-ustinen-is-qozgaldy/

pixel