Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті
Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте 1219 адамнан COVID-19 инфкциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 127
- Алматы қаласы - 131
- Шымкент қаласы - 29
- Ақмола облысы - 87
- Ақтөбе облысы - 18
- Алматы облысы - 81
- Атырау облысы - 24
- Шығыс Қазақстан облысы - 83
- Жамбыл облысы - 20
- Батыс Қазақстан облысы - 35
- Қарағанды облысы - 119
- Қостанай облысы - 111
- Қызылорда облысы - 22
- Маңғыстау облысы - 12
- Павлодар облысы - 138
- Солтүстік Қазақстан облысы - 155
- Түркістан облысы - 27.
Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 952 886-ға жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 936 адам дерттен жазылып шыққан.
Қазір елімізде 37 594 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 879 пациент стационарда, 30 715 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
505 адамның жағдайы ауыр, 136 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941615-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qaita-osti/