RU

Сағынтаев Алматы жастарын қуантатын жағымды жаңалықты бөлісті

Баспана сатып алу
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 15 қарашадан бастап 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының Akimat live бағдарламасында айтты.

Өтінім 15 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін қабылдандады.

Өтінімді қабылдау www.almaty-jastary.info сайтында жүргізіледі, сайтқа кіру өтініш берушілердің электрондық-цифрлық кілттері бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаға:

  • Жасы – 29-ға дейінгі;
  • Соңғы екі жылда Алматыда тұрақты тіркеуде тұрған;
  • Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үйі болмаған;
  • Соңғы 6 айда ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары (116 680 теңге) үміткерлер қатыса алады.

Берілетін пәтерлер Наурызбай ауданындағы "Алма Сити-5" жаңа тұрғын үй кешені мен Алатау ауданындағы "Мәдениет" тұрғын үй кешенінде орналасқан. Жалпы саны – 1 050 бір бөлмелі пәтер. Жалға беру мерзімі – ұзарту құқығынсыз 5 жыл.

Қандай құжаттар тапсыру керек:

1. Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш (өтінімді толтырған соң өзі құрылады);

2. Өтініш берушінің және ерлі-зайыптылардың жеке басын растайтын сканерленген құжат;

3. Білім туралы сканерленген құжат (диплом, сертификаттар);

4. Неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);

5. Балалардың сканерленген туу туралы куәлігі (бар болса);

6. Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7. Жұмыс орнынан сканерленген анықтама, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;

8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі жалақы туралы сканерленген анықтама;

9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар (бюджеттік ұйымда өтілді растау үшін еңбек кітапшаның сканерленген беттерін немесе өтілді растайтын анықтаманы жүктеу керек болады);

10. Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама. Одан бөлек, шотта қанша қаражат қалғаны және ақша қозғалысы туралы сканерленген үзінді;

11. Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттар (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет, мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).

12. Соңғы екі жыл аралығында Алматы қаласы аймағында тіркеу орны өзгерген жағдайда, көші-қон басқармасынан екі жылдық тіркеуді растайтын сканерленген құжат керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941657-sagyntaev-almaty-zastaryn-quantatyn-zagymdy-zanalyqpen-bolisti/