Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мусиннің тексерісінен кейін елордадағы ХҚКО басшысы қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сенат отырысында астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барған соң не өзгергенін айтты. Сол уақытта ол жүргізуші куәлігін беру кезіндегі заңбұзушылықтарды анықтаған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Мусиннің хабарлауынша, комиссия шешім қабылдайды. Ал ол министр ретінде "Азаматтарға арналған үкіметке" тиісті шешім қабылдауға кеңес берген.

"Менің білуімше, мен тәжірибе ретінде тексеріп барған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметінен алынып, жаңа жетекші тағайындалған. Егер сан бойынша сөйлейтін болсақ, онда бүгінде Нұр-Сұлтанда беріліп келген жүргізуші куәлігін беру көрсеткіші 90 пайызға азайған.
Жалпы алғанда біз не істейміз? Әрине, мұндай фактілердің жолын кесеміз, өйткені біздің басты міндетіміз – мемлекеттік қызметтерді тек жылдам ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы форматта көрсетуді қамтамасыз ету, осылайша заң шеңберінде қарастырылған талаптар сақталатын болады. Бұл үшін біз технологиялық инновациялар енгізетін боламыз", - деді министр.

Мусин осы ретте биометрия мен сынақ тапсырып жатқан адамды бақылау енгізу қарастырылатынын хабарлады.

"Сынақ тапсыратын адамның келген-келмегенін, сынақты тапсыру үшін нақты сол адамның кірген-кірмегенін технологиялық тұрғыдан анықтаймыз. Технология, биометрия "иә, бұл - Бағдат Мусин, ол тестілеуден өтті, компьютар алдында осынша минут отырды, ешқайда бұрылмады, телефонына қарамады" деген сынды мәліметтер береді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941708-musinnin-tekserisinen-keiin-elordadagy-xqko-bassysy-qyzmetinen-ketti/