Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2009 жылы басталған "Абу-Даби Плаза" құрылысы қашан бітеді

Жарияланған күні:

Абу-Даби Плаза
Абу-Даби Плаза. Фото: astana.gov.kz

Елорда әкімдігі Орталық Азиядағы ең биік ғимарат – "Абу Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің қашан салынып бітетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде "Абу Даби Плаза" нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жалпы орындалған жұмыс көлемі 97 пайыздан астам.

"2021 жылдың соңына дейін барлық сыртқы жұмыстарды (қасбет пен құрылымды) аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары жалғасады", – деді әкімдіктегілер.

Жалпы, шенеуніктердің айтуынша, "Абу Даби Плаза" көпфункционалды кешенін салу жобасы 6 блоктан тұрады.

Қазіргі уақытта пайдалануға берілген:

  • 2019 жылғы желтоқсанда – "П" блогы («Абу Даби Молл» ӘКК);
  • 2020 жылдың наурыз айында – "Н1" блогы (14 қабатты Sheraton қонақ үйі);
  • 2020 жылдың қарашасында Абу-Даби Плазаның "Н2" блогын (қызмет көрсетілетін пәтерлер) тіркеу алынды;
  • "Z" блогы – пайдалануға берілді (тұрғын үй блогы).

Айта кетейік, кешен құрылысының өзі 10 жылдан астам уақыт бұрын басталған. 2009 жылы 28 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев оның іргетасына капсула салып, бұл ғимарат "қаланың символына айналып, оны безендіретінін" атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941712-abu-dabi-plaza-qurylysy-qasan-bitedi/