Алматыда полицейлер автобус төбесінен отшашу атқан жігіттерді іздеп жатыр (видео)
Опубликовано:

Алматыда түнде белгісіз бұзақылар автобустардың бірінің төбесінен отшашулар атқан. Оқиға түсірілген видео Қазнетте қызу талқылануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Instagram желісіндегі dorogi_almaty_official парақшасында жарияланған.
Жазбада қара киім киген екі белгісіз адамның автобустың төбесіне шығып, сол жерден отшашуды атқанын көруге болады.
Автобус қозғала бастағанда екі бұзақы да секіріп түсіп, белгісіз бағытта із-түзсіз жоғалып кеткен.
Біраз уақыттан кейін видеоның астында Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің Instagram-дағы ресми парақшасының атынан жазылған түсініктеме пайда болды.
Ведомствоның хабарлауынша, бұзақыларды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде департаменттің тиісті бөлімшелеріне жолданған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941741-almatyda-policeiler-avtobus-tobesinen-otsasu-atqan-zigitterdi-izdep-zatyr-video/