Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танысының ұлынан таяқ жеген семейлік тұрғын кек алу үшін көлігін өртеп жіберген

Жарияланған күні:

Өртенген көлік
Оқиға орны. Фото: ШҚО ПД

Полицияға 18 жастағы Семей қаласының тұрғыны хабарласып, 30 қазанға қараған түні үйінің жанында тұрған Nissan көлігін белгісіз біреу өртеп жібергенін айтты. Тәртіп сақшылары шабуылдаушыны анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ШҚО ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейлік азаматқа келтірілген шығын 1 миллион 150 мың теңгені құраған. Жедел іздестіру шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, кінәсін мойындады.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, қаскүнем жәбірленушінің әкесімен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Таныстардың арасында жанжал туындап, оған ер адамның 18 жастағы ұлы араша түскен. Жігіт әкесінің қарсыласына бір рет соққы жұмсаған.

Өртенген көлік
Оқиға орны. Фото: ШҚО ПД

"35 жастағы семейлік азамат ашуланып, көшеге шығып, темекі шегіп болған соң, темекі тұқылын жәбірленушінің Nissan Presea көлігінің ішіне лақтырып жіберген. Сосын қоршаудан шығып, ВАЗ-2199 және Nissan көліктерінің терезелерін сындырған", – деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Осыдан кейін мас азамат өз көлігімен үйіне қарай бет алған, алайда оны полицейлер тоқтатып, бөлімшеге жеткізген.

Өртенген көлік
Оқиға орны. Фото: ШҚО ПД

Өрт шығудың болжалды себебі – өрт қою. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапта 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941746-tanysynyn-ulynan-tayaq-zegen-semeilik-turgyn-kek-alu-usin-koligin-ortep-zibergen/