Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қызғаншақ ауыл тұрғыны жарыс жеңімпазы мен оның құрбысын соққыға жыққан

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында қызғаншақ әйел төбелес шығарып, біреудің үйіне баса-көктеп кірген. Ауылдағы бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында баяндайды.

Қазан айының соңында Успен ауданына қарасты ауылдардың бірінің Мәдениет үйінде жыл сайынғы "Ауыл әйелі күні" байқауы ұйымдастырылды. Әдетте ханымдар оны күтіп, ұзақ уақыт дайындалады, ең жақсы киімдерін киіп, әртүрлі өнер көрсетеді.

Бұл жолы да дәл солай. Әдемі мереке ұйымдастырылды, жеңімпаз дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды.

Марапаттау рәсімінде оған диплом және бас жүлде – бір тонна көмір алуға сертификат табыс етілді.

Бірақ байқау нәтижесі барлығына ұнай қойған жоқ. Ауылдық мекеме жұмысшыларының бірі жеңімпазға жеке өшпенділік пен көреалмаушылықтан жарыс қорытындысына қарсы шығып, наразы болды.

Алкогольдік ішімдік қойылған отырыстан кейін "іші тар" әйел жеңімпазбен есеп айырысуға шешім қабылдады.

Түн ортасында ол досына қонаққа келген жеңімпазды іздеу табу үшін ауылды шарлап шығады.

Бейтаныс үйге кірген әйел жеке ренішін білдіріп, әйелді ұрып-соғып, айғайлай бастаған. Салдарынан шабуылшы үйде ұйықтап жатқан кішкентай балаларды ұйқысынан оятып, шошытқан.

Шақырылмаған қонақ үй иесінің сабырға шақырып, пәтерден кету туралы өтінішін елемей, керісінше, одан сайын ашуланған. Ол жарыс жеңімпазын да, үй иесін де ұрып-соғып, тепкілей бастады.

"Оқиғадан кейін жәбірленушілер бірден полицияға жүгінген жоқ, өйткені олардың айтуынша, олар қылмыскерден қорыққан. Кейінірек олар арыз жазған. Медициналық сараптама олардың ұрып-соғу салдарынан дене жарақатын алғанын анықтады", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік кодекстің 73-1 бабы, 1 бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс аудандық сотта қаралды. Енді елді мекен тұрғыны 15 АЕК (43 755 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941762-pavlodar-oblysynda-qyzgansaq-auyl-turgyny-zarys-zenimpazy-men-onyn-qurbysyn-soqqyga-zyqqan/

pixel