Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жасар қарындасы күтіп отыр": Алматылық ана ауыр дертке ұшыраған 11 жасар ұлына жалына көмек сұрады

Опубликовано:

Олжас Төлепберген
Олжас Төлепберген: жеке мұрағат

Алматы қаласындағы қарапайым отбасында туып-өскен 11 жасар Олжас Төлепберген күтпеген жерден қауіпті дертке ұшырады. Есіктің алдында қаннен қаперсіз ойнап жүрген бала кенеттен құлап, денесін жарақаттап алады. Ата-анасы алғашында мұны ойын баласына тән қылық деп бағалаған. Алайда, екінші рет құлаған соң дәрігерлер оған қорқынышты диагноз қойды. Бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған жас отбасы ұлын аман алып қалу үшін Түркияны бетке алмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Олжастың анасы Әсел Гауриеваның айтуынша, осы жылдың тамызына дейін баласында ешқандай ауру белгілері байқалмаған. Тек есік алдында ойнап жүріп, құлап қалғаннан кейін ғана Олжастың ауыр дертке шалдыққаны анықталды.

"Сол күн әлі есімде. Ұлымыз кешкісін есік алдында жүріп, құлап қалды. Жедел жәрдеммен ауруханаға апарған соң, жарасын таңып, үйге қайтып келдік. Бала болған соң, ойнайды, құлайды. Аса қатты мән бермедік. Алайда, келесі күні тағы да құлаған соң, біз оның басын МРТ-ға түсірдік.

Сол кезде дәрігерлер оның басында қауіпті дерт барын анықтады. Күн сайын басындағы ісік секілді зат өсе берді, тіпті, қасынан кішкентай ісіктер балалай бастады. Басындағы дерттің асқынуынан оның көзі бір жағына қарай ісіп кетті. Бетінде кәдімгідей ассиметрия пайда болды. Көз алдымызда жарқырап жүрген ұлымыз бір сәтте солып қалды", - дейді Әсел.

Қазіргі таңда Әсел ұлы Олжаспен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығының онкология бөлімінде ем алып жатыр. Өкінішке қарай, дәрігерлер Олжастың басындағы дерттен бөлек, қанынан да ауыр сырқатты анықтап отыр.

"Түрлі анализдер тапсырған соң, оның нәтижесін асыға күттік. Алайда, қан сараптамасының нәтижелері де бізді қуантпады. Баламдағы лейкоцит, тромбоциттер түгел түсіп кеткен. Дәрігерлер "ауыр лимфообласты лейкоз" диагнозын қойды. Бұл біздің қорқынышымызды еселей түсті. Қазіргі жағдайымызды сөзбен жеткізе алмаймын. Бүгінде біз бірінші химиотерапияны алып жатырмыз.

Осы терапия аяқталған соң, дереу Түркияға баруды жоспарлап отырмыз. Түрлі емханалармен байланысып отырмыз. Баламызды емдеу қымбатқа шығып отыр. Осы орайда, 11 жасында екі бірдей қауіпті дертке ұшыраған ұлым үшін ана жүрегіммен көмек сұраймын. Оны үйде 5 жасар қарындасы күтіп отыр. Көңілді, пысық, тез тіл табысатын ұлымның қазіргі жағдайын көру ана жүрегіме ауыр. Бірақ үміт үзбеймін, ұлымның емделіп шығарына сенемін. Бізге көмектесіңіздерші", - дейді Әсел.

Олжас Төлепбергенге көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Bank: 5169497156494720

Halykbank: 4405639798505952

Анасының телефон нөмірі тіркелген Kaspi Gold: 8 777 686 95 22 Асель Г

Сбербанк: 4263433335040306 DAMIR KOZHAMZHAROV

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941789-bes-zasar-qaryndasy-kutip-otyr-almatylyq-ana-auyr-dertke-usyragan-11-zasar-ulyna-zalyna-komek-surady/

pixel