Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Опубликовано:

Жаңа жыл
Көрнекі фото: pxhere.com

2021 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарды бірнеше мереке күтіп тұр. Осыған байланысты ел тұрғындары қыстың алғашқы айында 11 күн демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Электронды үкімет" порталына сілтеме жасап.

Желтоқсан айында елімізде екі мемлекеттік мереке - 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні мен 16, 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Сәйкесінше, осы даталарда қазақстандықтар демалады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың соңғы күні - 31 желтоқсан жұмыс күні болып саналады.

Осылайша, желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалатын болады.

Айта кетсек, елімізде желтоқсан айында ұлттық мейрамдардан бөлек, кәсіби мерекелер де атап өтіледі:

  • 6 желтоқан - прокуратура күні;
  • желтоқсанның үшінші жексенбісі - энергетик күні;
  • 20 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;
  • 22 желтоқсан - архивші күні.
желтоқсан
Скриншот: egov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941935-qazaqstandyqtar-zeltoqsan-aiynda-qansa-kun-demalady/

pixel