Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО әкімдігіне қызметі 140 млн теңге тұратын тікұшақ не үшін қажет: Даниал Ахметов жауап берді

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Орталық коммуникация қызметінде өткен онлайн-брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов әкімдік тікұшақ қызметіне неге миллиондаған теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифинг барысында журналистер мемлекеттік сатып алу сайтында ШҚО әкімдігі қызмет құны 140 млн теңге тұратын тікұшаққа лот жариялағанын алға тартты.

БАҚ өкілдері байқауда неге тек бір ғана жеткізуші жеңіске жететінін, сондай-ақ, бірінші санаттағы тікұшақ әкімдікке не үшін керек екенін сұрады.

Бұған жауап ретінде Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысында өңірге қызмет көрсететін тек бір ғана әуе компаниясы бар екенін, сондықтан үнемі сол жеңетінін мәлімдеді.

Айтуынша, бірінші санаттағы тікұшақтар екі мақсатта пайдаланылады.

"Біріншіден, жасыл желектерді қорғау. Қазақстандағы ормандардың 40 пайызы ШҚО-да. Егер бұл облыста тұрсаңыз, орман өрттерінің көбі тікұшақ арқылы ауыздықталатынын көрген шығарсыз.

Екіншісі - әуе медицинасы. Бүгінде топырақ жерлерге қонатын бірде-бір ұшақ жоқ. Ал Өскемен мен Үржардың арасы - 660 шақырым. Өскемен мен Зайсанның арасы 720 шақырым, солай кете береді. Сондықтан, бұл көлік құралы ШҚО халқының денсаулығы мен табиғи желектерін қорғау үшін қолданылады", - дейді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында ШҚО-да Риддер қаласының маңында ірі орман өрті болды. Салдарынан 10 шақты үйге зақым келіп, бір адам қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941937-sqo-akimdigine-140-mln-tenge-turatyn-tikusaq-ne-usin-qazet-danial-axmetov-zauap-berdi/

pixel