Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қызбен кездесуге барған жігіт полициядан көмек сұрады

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда қызбен кездесуге шығып, артынша қонақүйге барған жігіт телефонынан айырылды, деп хабарлайды астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Астаналық азамат полицияға арыз жазуға мәжбүр болған.

Ол таксиде бойжеткенмен танысып, бірнеше күннен соң кездесуге шақырған.

Екеуі дәмханада ішімдік ішіп, қонақүйге бет алыпты. Жігіт бөлмеде ұйықтап қалған кезде күдікті Samsung G2 телефонын қолды етіп, қонақүйден кетіп қалған.

Іздеу шараларының нәтижесінде 30 жастағы әйел ұсталды. Ол ұрлық жасағанын мойындап отыр. Телефон иесіне қайтарылды. 

Оның ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Жеке заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес берді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942082-nur-sultanda-qyzben-kezdesuge-bargan-zigit-policiyadan-komek-surady/

pixel