Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 84 жастағы әжей тегін көше сыпырып, елге жақсылық жасауда

Опубликовано:

Вера Федоровна
Вера Федоровна. Кадр: instagram.com/oleg.tdk/

Алматы облысы Бесағаш ауылының 84 жастағы тұрғыны ауыл тазалығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүр. Ол күн сайын көшеге шығып, үй аулаларын сыпырып, подъездерді жуады. Әжейдің игі ісі туралы видеолар отандық пабликтерде жарыса жариялануда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысындағы жергілікті пабликтердің бірі 84 жастағы әжей Вера Федоровна туралы видеоны желі қолданушыларына ұсынған. Онда ол өз еркімен ауылдың тазалығын сақтауға үлес қосып жүргенін және бұл үшін ешкімнен ақы талап етпейтіні туралы айтылған.

"Вера Федоровна 84 жаста. Талғар ауданы Бесағаш ауылында тұрады. Ленинград блокадасында болған. Оның хоббиі - қоршаған маңды тазалау. Ол аулаларды сыпырып, подъездерді жуады, тазалық пен тәртіптің сақталуын қадағалайды. Жайдары, жаны жайсаң жан. Ешқашан қабағын шытқан емес. Мұның барлығын ол шын жүрегімен істейді. Ешкімнен ақы сұрап, мазаны алмайды. Деңгей деген осы емес пе?!", - деп жазылған видеоның астындағы түсіндірмеде.

Желі қолданушылары бүтін бір ауылға игі іс жасап танылған әжей денсаулық тілеп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942123-almaty-oblysynda-84-zastagy-azei-tegin-kose-sypyryp-elge-zaqsylyq-zasauda/

pixel