Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арамшөптен пакет жасап шығарған: Ақтаулық оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың ерекше тәсілін тапты (фото)

Опубликовано:

Ақтаулық оқушылар
Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтаулық оқушылар өсімдіктерден пакет жасап шығаруда. Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Ернар Өмірзақ пен Асия Теджен осы ғылыми жобасы арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқысы келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Идея авторлары шөптен пакет жасау идеясының қалай пайда болғанын айтып берді.

"Жобаны бастар алдында біз қазіргі кезде қоршаған ортаның полиэтилен пакетпен немесе целлофанмен ластану проблемасының өзекті болып отырғанын анықтадық. Сондай-ақ, бүгінгі экологиялық проблема қатарында егістікке арамшөптің әсерін айтсақ болады.

Арамшөпті ешкім ешқандай бағытта қолданбайды. Шөптің құрамында крахмалдың бар екені белгілі. Зерттей келе крахмалдың биополимерлі пакеттің негізгі құрам бөлігі екендігін білдік. Сол крахмал арқылы өзімізге керек биополимерді ала аламыз деген де ойға келдік", - дейді оқушылар.

Арамшөптен пакет
Фото: Facebook/Рысгүл Рамазанова

Ернардың айтуынша, А5 форматындағы бір пакетті жасау үшін 10 грамм арамшөп қажет екен. Жасалу технологиясы жеті этаптан тұрады.

"Ең бірінші кезеңі - арамшөпті жинау және ұсақтау, ары қарай оған химиялық элементтер қосылады. Содан соң одан шыққан биополимерімізді формаға құйып, пакет қалпына келтіреміз", - дейді Ернар Өмірзақ.

Идея авторлары мектептің биология пәнінің мұғалімі Гүлнұр Чандыбаева мен химия пәнінің мұғалімі Айбар Мурзабековмен бірлесе жұмыс істеген. Оқушылар ендігі кезекте лабораториялық жағдайда жасалған пакеттерді үлкен өндіріске шығаруды көздеп отыр.

зертхана
Фото: KAZ.NUR.KZ

"Жұмысымызды практикалық яғни лабораториялық жағдайда іске асырып көрдік. Ал қазіргі негізгі мақсатымыз оны индустриялық жағдайға жеткізу. Жобаны автоматтандыруды ойластырудамыз. Бізге қазір инвесторлар керек, қомақты қаржы қажет. Біз осы пакеттерді көп мөлшерде шығаруға мүмкіндік беретін станокты Қытайдан немесе Ресейден тапсырыс беріп, жасатқымыз келеді. Мақсатымыз- индустрияға шығару, жаппай сатылымға шығару, осылайша бірнеше экологиялық мәселелерді шешу болып отыр", - дейді оқушылар.

Ернар мен Асияға биология және химия пәндері ұнайды. Екеуі де медицина саласына қызығады. Өнертапқыш оқушылар фармацевтика бағытында оқып, келешекте адамдарды аурудан құтқаратын дәрі жасағысы келетінін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942152-aramsopten-paket-zasap-sygargan-aqtaulyq-oqusylar-qorsagan-ortany-qorgaudyn-erekse-tasilin-tapty-foto/

pixel