Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобустың төбесіне шығып салют атқан жігіттер ұсталды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/dorogi_almaty_official

Алматылық полицейлер автобустың төбесінде отшашу атқан жастарды тапты. Желі қолданушылары анықтағандай, аталған әрекет алдын ала жоспарланған болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дүйсенбі күні Instagram-дағы Almaty Chat парақшасы отшашудың басқа ракурстан түсірілген видеосын жариялады. Оның үстіне, видео дронға бекітілген камерамен түсірілген.

"Сонымен, бұл алдын ала жоспарланған әрекет екені белгілі болды, олар тіпті коптермен видео түсірген. Мұнымен олардың не айтқысы келгені түсініксіз", – деп атап өтті жазба авторлары.

Ал, полицейлер тәртіп бұзғандардың ұсталғанын хабарлады.

"Барлығы төрт жігіт. Әрқайсысы жоспарлы түрде өз рөлдерін бөліп алған: біреуі автобус жүргізушісінің назарын басқаға аудара тұрған, екіншісі оқиғаны смартфон камерасына түсірген, қалған екеуі қоғамдық көліктің төбесіне шығып, отшашу ұйымдастырған", – деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Полицейлер қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, жастардың іс-әрекетінен әкімшілік кодекстің 436-бабы (Елдімекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану) бойынша сипатталған құқық бұзушылық белгілері байқалады.

Аудандық әкімдік басшысы "автобус жолаушыларына нақты қауіп төндірген" "жастардың мұндай келеңсіз мінез-құлқының" шынайы себебі тергеу барысында анықталатынын қосты.

Полицейлер автобустың төбесінен секірген жігіттердің бірі басынан жарақат алғанын атап өтті. Оның үстіне, белгілі болғандай, тәртіп бұзушылар арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942225-almatyda-avtobustyn-tobesine-sygyp-salyut-atqan-zigitter-ustaldy/

pixel