Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус бізден оңайлықпен кете қоймайды": Алмаз Шарман мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ғалым
Фото: Zakon.kz

Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман коронавирус инфекциясы туралы бірқатар мәліметті ұсынды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, коронавирус инфекцияның, тұмаудың және ЖРВИ-дің симптомдары ұқсас.

Бірақ COVID-19-дың қосымша симптомы – дәм, иіс сезу жоғалуы және ентігудің пайда болуы ықтимал.

"Коронавирус инфекция ПТР тестілеу арқылы жақсы анықталғаны маңызды. Оның белгілері үшін талдау жасау және кез келген жағдайда, тіпті, коронавирус болмаса да, оқшаулау ұсынылады", - деді Алмаз Шарман.

Сонымен қатар профессор тыныс алу және жоғары температура кезінде ауруханаға жату керек екенін жеткізді. КВИ ауыр түрде өтетін қарт адамдардың жағдайын бақылау өте маңызды.

Ғалым қала тұрғындарын коронавирусқа ғана емес, тұмауға да қарсы белсенді вакциналануға шақырды.

"Мен коронавирусқа, ал жақында тұмауға қарсы егілдім. Бұл екі түрлі инфекция және олардың өзара сәйкестігі болуы ықтимал. Қос инфекцияның салдары әрқашан ауыр болады", - деді Алмаз Шарман.

Сонымен қатар, ол қазірдің өзінде вакцинацияланған азаматтарға, әсіресе, 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдарға коронавирусқа қосымша үдеткіш вакцина алу керектігін түсіндірді.

Профессордың сөзінше, Израиль ғалымдары коронавирус инфекциясына иммундық жауаптың вакцинаның алғашқы екі дозасынан соң 6 айдан кейін төмендейтінін дәлелдеген.

Сондықтан ревакцинация ұсынылады, дейді ол.

"Ол қаншалықты жиі қажет болатыны әлі нақты белгісіз. Ол жыл сайын өтуі мүмкін, мұның бәрі пандемияның қалай болатынына байланысты", - деді Алмаз Шарман.

Ғалым коронавирус инфекциясы эндемиялық сипатқа ие, сол үшін бізбен ұзақ уақыт болады деп санайды. Кейде ол тұмау сияқты кішігірім өршиді. Сондықтан, Алмаз Шарманның сөзінше, мүмкіндігінше көп адамның вакциналануы және ревакцинациядан өтуі өте маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942241-koronavirus-bizden-onailyqpen-kete-qoimaidy-almaz-sarman-malimdeme-zasady/

pixel