Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан төрт жасар сәби төсектің жартысын жеп қойған

Опубликовано:

Уильям Бакли
Уильям Бакли. Фото: bigpicture.ru

Тамақтану кезінде кейде өте оғаш әдеттер пайда болады және олар көбінесе ауыр дертке байланысты болуы мүмкін. Мәселен, төрт жасар Уильям Бакли қолы жеткеннің бәрін жұтып жіберуге дайын тұрады.

Сүйкімді сәби Уильям парорексия деп аталатын сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Бұл - жеуге болмайтын нәрселерді жеуге итермелейтін дерт, яғни тамақтанудың бұзылуы.

Балақай ойыншықтарды, жаялықтарды, кітаптарды, тіпті жиһаздарды жейді және онымен күресудің пайдасы жоқ.

Уильям Бакли
Уильям Бакли. Фото: bigpicture.ru

Баланың анасы 32 жастағы Мари Бакли ұлының ауырып қалғанын бірден түсінбегенін айтады. Себебі, балалар әдетте аузына кез келген нәрсені салады және жаман әдетті аурудың жеңіл кезеңінен ажырату оңай емес.

Уильям Бакли мен анасы
Уильям Бакли мен анасы. Фото: bigpicture.ru

Анасы Уильямның ауыр науқас екенін ұлы үш жаста болғанда байқайды. Содан кейін оған баланың жақын жерде көргенінің бәрін жеуге тырысатаны белгілі болған.

Мари әрқашан баласының жанында болуға тырысады және одан жеуге болмайтын заттарды тығып тастайды. Анасы көз жазып қалғанда Уильям үлкен, тіпті қауіпті заттарды ауызына салады.

Уильям Бакли
Уильям Бакли. Фото: bigpicture.ru

Бакли жақында кітап жеп қойған және жаңа төсектің жартысын "азық қылған". Жаңасын, қоқысқа тастаудың қажеті шамалы, себебі заттар Уильямның асқазанында аса қатты жылдамдықпен қортылатын көрінеді.

Бұған дейін ол бірнеше жұмсақ ойыншықты, көптеген жаялықты және түрлі қағазды жеген.

Мари Бакли бірнеше рет дәрігерлерге жүгінген, бірақ олар дәрменсіз болып шықты. Ананың "баласы өсіп, парорексия өздігінен басылады" деген жалғыз үміті бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942259-sirek-kezdesetin-auruga-saldyqqan-tort-zasar-sabi-tosektin-zartysyn-zep-qoigan/

pixel