Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин: Қазақстанда электр қуатына қатысты қиындық туындамайды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде Қазақстанда электр қуатына қатысты мәселе туындамайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мамин биыл елімізде электр энергиясын тұтыну күрт өскенін атап өтті. Осыған байланысты оның тапшылығы болды.

"Соңғы жылдары бізде электр энергиясының профицитін бастан өткердік. Яғни, тұтынғанымыздан да көп өндірдік. Бірақ биыл электр энергиясын тұтыну сегіз пайызға өсті. Бұл жерде әрине экономиканың дамуы да, цифрлық экономика жобалары да әсер етті. Сондықтан белгілі бір тапшылық қалыптасты", – деді үкімет басшысы.

Соған қарамастан, айтуынша, үкімет бұл мәселелерді шешуге тырысып жатыр.

"Өткен аптада мен Жамбыл су электр станциясында болдым, біздің әріптестер Екібастұзда жұмыс істеді. Біз жөндеуден шығарып, 2 мыңнан астам МВт-ты қосымша іске қосамыз. Бұл экономиканың да, халықтың да электр энергиясын тұтыну мәселелерін толығымен жоюға мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстанды электр энергиясымен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар болмайды", – деді премьер-министр.

Мамин, сонымен қатар, экономиканың өсуіне байланысты 2030 жылға қарай өндірілетін электр энергиясының көлемін арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Біз 2030 жылға қарай 15,5 мың МВт жаңа қуаттарды ұлғайтуымыз керек деп есептейміз. Бұл жаңартылатын энергия, күн, жел, су және газ өндіруді қамтиды. Шын мәнінде, біз алдағы 10 жылда өндірілетін электр қуатын екі есеге арттыруымыз керек. Бұл біздің атқарып жатқан жұмысымыз. Мен қазақстандық энергетика саласының дамитынына сенімдімін. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар", – деді Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942278-mamin-qazaqstanda-elektr-quatyna-qatysty-qiyndyq-tuyndamaidy/