Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде шаруалар өз талаптарын айтып, наразылыққа шықты

Опубликовано:

Шарулар
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Ақтөбеде шаруалар наразылыққа шықты. Олар агроөнеркәсіптік кешен туралы ұлттық жобаны асығыс қабылдаған шенеуніктерге өкпелі. Енді оны қайта қарап, талқыға салуды талап етіп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Жоғарыдан өздері шешіп, өздері қабылдамау үшін мына біздерден де сұраса. Неге десеңіз, біз соның ішіндегі қиыншылығын, малдың бүкіл дамитынын біліп отырмыз. Сондықтан бізден сұрағанын талап етеміз. Фермерлермен санаспайды. Біздің жанайқаймызды естімейді", - деді шаруа қожалығының басшысы Жұмабике Айтмағанбетқызы.

Ауыл шаруашылығына қатысты жанайқайын жеткізуге 100-ге  жуық фермер жиналды. Қарағанды, Батыс Қазақстан мен Атыраудың да шаруалары наразылық білдіруге осында келген. Өйткені бейбіт митингті өткізуге Ақтөбеде ғана рұқсат беріпті.

Шаруалардың талап арызы 24 бөліктен тұрады. Оның басым бөлігі субсидияға қатысты. Мал бағып, егін салуға қазынадан ақша қарастырылғанымен, оны алу қиын деп ашынды наразы топ.

Сонымен қатар, ел ішінен асыл тұқымды жылқы сатып алуға, суармалы жерде көкөніс егуге қаржылай қолдау көрсетілсін деп отыр. Митингіге келген әкімдік өкілдері шаруалардың талабын қарау үкіметтің міндеті деді. Десе де фермелердің айтқанын билік басына жеткізуге уәде берді.

"Демократиялық елміз. Оған ешқандай қарсылық жоқ. Ұсыныс орынды. Дұрыс. Енді шешімді жоғары жақ өздері қабылдайды", - деді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Панабек Бимұратов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942332-aqtobede-sarualar-talaptaryn-aityp-narazylyqqa-syqty/