Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыруға болады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады. Бұл туралы үкімет отырысында белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"ВАК тапсырмасына сәйкес Қазақстанда тұрғындарды өз қалауы бойынша ақылы негізде вакцинациялау үшін коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында.

Премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігі басшысының ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді.

Айта кетсек, елімізде бүгінде Pfizer 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге тегін салынып жатыр.

Еске сала кетсек, 10 қарашада Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілген еді.

Препарат оңтүстік астанадан Қазақстан өңірлеріне тарайды. Елге жалпы 4 млн дозадан астам вакцина жеткізіледі.

Алдын ала минус 90 градус температурада сақтауға болатын тоңазытқыш камералары сатып алынған.

Дәл осындай температурада вакцина басқа қалаларға жеткізіледі. 46 мың дозасы Алматыда қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942354-elimizde-pfizer-vakcinasyn-aqyly-turde-saldyruga-bolady/

pixel