Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілді

Опубликовано:

Вакцина
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 10 қарашада Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілді. Qatar Airways әуе кемесінің ұшағы мегаполис әуежайына қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 379 мың дозасы жеткізілді.

Препарат оңтүстік астанадан Қазақстан өңірлеріне тарайды. Елге жалпы 4 млн дозадан астам вакцина жеткізіледі.

Алдын ала минус 90 градус температурада сақтауға болатын тоңазытқыш камералары сатып алынған.

Дәл осындай температурада вакцина басқа қалаларға жеткізіледі. 46 мың дозасы Алматыда қалады.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында Pfizer вакцинасының 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынғанын хабарлады. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның 16 облысына 34 тоңазытқыш құрылғы сатып алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941595-almatyga-pfizer-vakcinasy-zetkizildi/

pixel