Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов қандай студенттер оқудан шығарылатынын айтты

Опубликовано:

университет
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда университеттерінде плагиатты тексеретін жүйе орнатылды. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру үшін университеттерге академиялық және атқарушы дербестік бердік. Олар білім беру бағдарламаларын дайындағанда министрлік бекіткен үлгілік оқу жоспарларының орнына жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарын негізге алатын болды. Тиісінше жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге көшіп, 9 371 бағдарлама әзірленді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен бірге, ол төртінші индустриялық революцияның әсерінен әлемдік еңбек нарығында "дағдылардың тез ескіруі" қалыпты жағдайға айналғанын атап өтті.

"Өмір бойы бір диплом" сценариі енді маңызды емес. Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша Өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жұмыстың арқасында университеттер формалды емес және информалды білім алудың нәтижелерін танып, қабылдайтын болады», - деді Аймағамбетов.

Оның мәліметінше, елдегі жоғары оқу орындарына академиялық адалдық талаптарын сақтау міндеті жүктеліп отыр. Ведомство плагиат проблемасымен осылайша күреспек.

"Енді академиялық адалдық қағидаттарын бұзған студенттерді оқудан шығаруға мүмкіндік бар. Барлық дипломдық жұмыстарды, жазбаша жұмыстарды жөнсіз көшіріп алуды болғызбау үшін міндетті түрде тексеру нормасы енгізілді және университтердің бәрінде осы тексеру жүйелері орнатылды", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942399-aimagambetov-qandai-studentter-oqudan-sygarylatynyn-aitty/

pixel