Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада "Ten Qogam" орталығы ашылды

Опубликовано:

Қызылордада "Ten Qogam" орталығы ашылды
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бүгін Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсететін "Ten Qogam" орталығы жұмысын бастады.

Салтанатты рәсімге қатысқан қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридинов орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға негізделген шаралар алдағы уақытта жалғасын табатындығын жеткізді.

Қызылордада "Ten Qogam" орталығы ашылды
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Орталық қызметі "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты 2025 жылға дейінгі жол картасы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде "Ten Qogam" әлеуметтік жобасымен жүзеге асуда.

Қызылордада "Ten Qogam" орталығы ашылды
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қаладағы өмірлік қиын жағдайда жүрген, тәрбиеленуінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе өздері де сол санаттағы тұрмысы төмен көп балалы отбасылар орталық қызметіне жүгіне алады.

Қызылордада "Ten Qogam" орталығы ашылды
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Орталықта заңгерлік кеңес беру, психологиялық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіпкерлікке баулу дағдыларын үйрету, бос уақыттарын тиімді үйлестіру жұмыстары жүзеге асады.

Қызылордада "Ten Qogam" орталығы ашылды
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Орталық Астана даңғылы №79 ғимаратта орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942502-qyzylordada-ten-qogam-ortalygy-asyldy/

pixel