Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы ТЖ: Зардап шеккен балалардың жағдайы туралы не белгілі

Опубликовано:

науқас
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шортандыдағы оқыс оқиғадан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен балалардың жағдайы толық бақылауда екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов газ баллоны жарылуының салдарынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді.

"Қазіргі таңда балалардың жағдайы толық бақылауда, оларға барынша көмек берілуде. Барлық керекті медициналық кеңестер беріліп жатыр. Дәрі-дәрмек толық көлемде, жеткілікті. Көмек клиникалық протоколға сай жүргізіліп жатыр. Шортанды аудандық ауруханасына түскен баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ, сол ауруханада жатқан әйелдің де жағдайы тұрақты. Олар қажетті медициналық көмектің бәрін алуда. Бұл мәселе біздің ерекше қадағалауымызда. Барлық керекті дәрігерлік іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Нариман Сыздықов.

Облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Александр Высоцкийдің сөзінше, жедел жәрдем станциясына газ баллонының жарылғаны жөнінде шақырту полиция қызметкерлерінен келіп түскен.

"Олар үйді өрт шалғанын және зардап шеккендердің бар екенін хабарлады. Сағат 21:16-да шақырту алған жәдел жәрдем қызметшілері оқиға орнына шығып кетті. Олар сол жерде бірден алғашқы көмек беруге кірісті. Ересек адамдар сол уақытта көшеде жүрген, ал балалар көрші үйлерге орналастырылған. Жедел жәрдем қызметі зардап шеккендерді бірден Шортанды аудандық ауруханасына жеткізді. Барлығы 6 бригада жұмыс істеді. Жағдайы тұрақталған науқастар Нұр-сұлтан қаласының клиникаларына жеткізілді", - деді ол.

Айта кетейік, үш адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай 16 қарашада Ақмола облысының Шортанды кентіндегі Линейная көшесінде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942562-aqmola-oblysyndagy-tz-zardap-sekken-balalardyn-zagdaiy-turaly-ne-belgili/

pixel