Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда полицейлер жүргізушіні шығару үшін көлікті сындыруға мәжбүр болды

Опубликовано:

Полицейлер
Видеодан кадр: БҚО ПД

Оралда полицейлер тоқтатқан көлік жүргізушісі темір тұлпардан шығудан бас тартты. Осылайша, құқыққорғаушылар автомобиль әйнегін сындыруға мәжбүр болды. Тәртіп бұзушы медициналық куәландырудан бас тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БҚО ПД дерегінше, оқиға 17 қараша күні сағат таңғы 4 шамасында болған. Патрульді полиция батальонының қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы барысында маршрутты пысықтап жатқан.

Олар Әлия Молдағұлова көшесінде Lada Granta көлігін тоқтатты. Көлік жүргізуші автомобильден түсіп, құжаттарды көрсетуден бас тартты. Артынша ол есіктерді бұғаттап, артқы орындыққа отырып алды.

"31 жастағы көлік жүргізушісінің жанында әйел болғаны анықталды. Полицейлер көліктің артқы есігін ашу үшін алдыңғы әйнегін сындыруға мәжбүр болды. Олар полицейлерге қарсылық танытты, ал жүргізуші, тіпті, медициналық куәландарудан бас тартты",- деді БҚО ПД баспасөз қызметінде.

Тәртіп бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 613-бөлім 4-бабы (полиция қызметкерінің куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) және 667-бабы (полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау) бойынша әкімшілік іс басталды. Жиналған материалдар сотқа жіберілді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942655-oralda-policeiler-zurgizusini-sygaru-usin-kolikti-syndyruga-mazbur-boldy/

pixel