Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 жыл құлдықта болғанын" айтқан ресейлік азамат күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Алексей
Видеодан кадр: T.me/Вечерняя Караганда

"20 жыл құлдықта болдым" деп әлеуметтік желіні шулатқан ресейлік неге жалған видео түсіргенін тәртіп сақшыларына түсіндірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында "өзін Ресей Федерациясының азаматы Алексей Котов" деп таныстырған ер адамның бейнежазбасы табылған.

Кадрда ол өзін Қарағанды облысында күштеп ұстап отырғанын тілге тиек еткен.

Аталған бейнежазбаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, ақпаратты тексеру мақсатында жедел-тергеу тобы жұмысқа кірісті.

Ресей елшілігі өкілдерінің қатысуымен Котовтан жауап алу барысында ол шаруа қожалығының аумағында өз еркімен жұмыс істегені, қолында ұялы телефонының болғаны және кез келген уақытта шаруа қожалығының аумағынан кетіп қалуға мүмкіндігінің болғаны туралы мәлімдеді.

Ол шаруа қожалығының иесіне қарсы арыз жазудан бас тартып, ешкімге ешқандай кінә артпайтынын және бейнежазбаны үйіне қайту үшін жазғанын түсіндірді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 20 жыл бойы Қазақстанда құлдықта жүргенін мәлімдеген азаматтың видеосы тараған болатын. Оның сөзіне қарағанда, Қарағанды облысына қарасты Ақжал ауылында оны еркінен тыс ұстап келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942713-20-zyl-quldyqta-bolganyn-aitqan-reseilik-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel