Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер: Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

18 қарашадағы жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1083 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Солтүстік Қазақстан облысынан.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 960 609 жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942726-songy-derekter-elimizdin-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel