Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем аруы" байқауына қатысқан ару төсек қатынасына шақыратындар туралы айтты

Опубликовано:

Ару
Фото: ЭК/Андрей ХАЛИН

"Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғаған "Қызылорда аруы-2019" Камилла Серікбай төсек қатынасын ұсынатындар туралы сөз қозғады деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ол бұндай ұсыныстардан қорқудың қажеті жоқ екенін айтты. Камиланың сөзінше, бұл байқауға қатысқан әрбір қыздың басынан өтетін жағдайдың бірі.

"Қазақстан аруы" байқауына қатысқан әрбір қыздың басында болатын жағдай. Бұған налудың қажеті жоқ. Керісінше, ешкімнен қорықпай, өз-өзіңе сенімді болуың керек. Әлеуметтік желіде маған бай-бағландар төсек қатынасын жиі ұсынады. Оларға "жоқ" деген жауап беремін", - дейді Кәмила Серікбай.

Еске сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желіде "Қызылорда аруы" атанған Гүлнұр Нұртазаның дәмханада аспаз және ыдыс жуушы болып жүрген видеосы тарап кеткен болатын.

Кейінірек бойжеткеннің өзі бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

Гүлнұр осыған дейін істеген жұмыстарында отбасылы ер адамдардың кездесуге шақырғанын да жоққа шығармады.

"Даяшы да болдым, одан кейін сауда-саттықпен айналысатын компанияда менеджер болып істедім. Жұмыс істеген жерлерімдегі жоғары лауазымды отбасылы ер кісілер шайға, кездесуге шақырады. Бәлкім, жас, бойдақ қыз болғаннан кейін сынап көргісі келетін шығар. Менің тәрбием ондай нәрсені қабылдай алмайтындықтан, жұмыстан шығуыма тура келді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942730-alem-aruy-baiqauyna-qatysqan-aru-tosek-qatynasyna-saqyratyndar-turaly-aitty/

pixel