Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50 мың теңгеге өмір сүре алмаймыз": Энергетика министрі ай сайын азық-түлікке қанша теңге жұмсайды

Опубликовано:

министр
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Экология министрлігі

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сенат отырысында өзінің жанұясы азық-түлікке айына қанша теңге жұмсайтынын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, оның отбасы өзге қазақстандықтар секілді өмір сүреді.

"Мен бұл сұрақтың журналистерді неліктен қатты қызықтыратынын білмеймін. Шын мәнісінде, біз де дәл басқа адамдар секілді өмір сүреміз.

Менің отбасым да басқа орта деңгейдегі отбасылар сияқты ақша жұмсайды. Әрине 50 мың теңгеге (бір айға - ред.) өмір сүре алмаймыз. Біз айына шамамен 200 мың теңгедей жұмсаймыз", - дейді министр.

Осы ретте, шенеунік жұбайы екеуі бес баланы тәрбиелеп отырғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлік сатып алуға күн сайын қанша теңге жұмсайтынын айтқан еді.

"Отбасымызбен күніне тамаққа 50-60 мың теңге жұмсаймыз", - деді министр мәжіліс кулуарында. Бірақ "бұл бір айда ма?" деп нақтылаған кезде "иә" деп жауап берді.

Ерғалиевтің айтуынша, оның отбасы да басқалар секілді нан, қант, сүт сатып алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942816-50-myn-tengege-omir-sure-almaimyz-energetika-ministri-ai-saiyn-azyq-tulikke-qansa-tenge-zumsaidy/

pixel